Перейти к содержимому страницы.

ФИЛОСОФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ ДӘРЕЖЕСІН АЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

27.06.2023

«Гуманитарлық пәндер оқытушыларын даярлау» бағыты бойынша диссертациялық кеңестің талқылауы негізінде және жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша «Тарих» білім беру бағдарламасының оқытушысы Жақыбаева Гүлдана Балғабайқызына философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілді.

Қорғау Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өтті. Диссертациялық жұмыстың тақырыбы «Қазақстанның оңтүстігін Ресей империясының жаулап алуы туралы құжаттар мысалында университетте Қазақстан тарихын оқыту үдерісінде мұрағат материалдарын пайдалану әдістемесі».
Зерттеудің өзектілігі – мұрағат құжаттарын оқу-тәрбие үрдісіне енгізу арқылы халықтың тарихи жадын жаңғырту.

Диссертациялық кеңестің төрағасы қызметін тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы атқарды. Диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары –тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Нәбижан Мұқаметханұлы. Диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы – Асимова Дария Болатқызы – PhD (тарих).

Докторанттың ғылыми кеңесшілері: тарих ғылымдарының докторы, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессоры Отепова Гүлфира Елубайқызы; тарих ғылымдарының докторы, Едитепе университетінің профессоры Ахмет Тасагил (Стамбул, Түркия).

Ресми рецензенттер: тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Ысқақ Ақмарал Сыдығалыққызы және тарих ғылымдарының докторы, «Мемлекет тарихы институтының» профессоры Қарасаев Ғаний Мұқашұлы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері: тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Дукенбаева Задаш Оразгалиевна, тарих ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценті Далаева Теңлік Тоқтарбекқызы және тарих ғылымдарының докторы, Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Любичанковский Сергей Валентинович.