Перейти к содержимому страницы.

ҮЗДІК БАЯНДАМАШЫЛАР МАРАПТТАЛДЫ

17.04.2024

Марғұлан университетінде «Жаңа қоғамдағы жастардың әлеуеті: білім мен ғылымның сапасы» атты ХІХ студенттік ғылыми-практикалық конференциясы аяқталды.

«Тарих», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының білім алушылары «Әлеуметтік-гуманитарлық және филологиялық ғылымның қазіргі трендтері» секциясында баяндама жасады.
Конференцияның пленарлық бөлімінде гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің 4 студенті баяндама жасаған болатын. Оның ішінде академиялық ұтқырлықпен оқып жүрген Тәжікстан студенті М. Юсупова бар. Ал секция отырысына Якутия, Ресей университетерінің және Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттері, қала және облыс мектептерінің өкілдері қатысты.

Секциялық отырыстың қорытындысы бойынша үздік ғылыми баяндама үшін қатысушылар дипломмен, номинациялармен марапатталды.

Конференцияның қорытындысы бойынша «Шығармашылық идея» номинациясы Садвокасова Айданаға, «Ғылыми эрудиция» Виктория Гончароваға берілді. Сондай-ақ, «Шешендік шеберлік» аталымымен Капитолина Белокопытова, «Ғылымға қадам» Әсел Жұматаева және Әнел Жұмагүл марапатталды. 3-дәрежелі дипломдарды Кристин Плугатыр, Мария Дербич еншілесе, 2-дәрежелі дипломдар Аруана Қабиденова, Екатерина Плевако, Такен Дианаға берілді. Ал бірінші орынды Александра Овчинникова жеңіп алды.

Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, қорғаған ғылыми баяндамалардың тарих, тіл білімі аясында өзектілігі мен практикалық тұрғыдан маңыздылығы аталып өтілді.