ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ПРОФЕССОРДЫҢ БІР АПТАЛЫҒЫ
25.11.2024
Өткен дүйсенбі күні Марғұлан университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті профессоры, PhD докторы Абдумажит Мамадалиев келген болатын. Шетелдік профессор бір аптаның ішінде түрлі сабақтар, семинарлар өткізіп, шаралраға қатысты. Бесінші оқу корпусында гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы А.Е. Каримовамен және "Шет тілі: екі шет тілі" білім беру бағдарламаларының жетекшілері А.С.Жолдабаевамен және "Тарих" ББ басшысы Б.Н.Абдрахмановпен кездесті.
Сол күні профессор" Шет тілі: екі шет тілі "ББ екінші курс магистранттары үшін "Ағылшын тілін шет тілі ретінде оқытудағы заманауи үрдістер" пәні аясында"Тhe impact of globalization on TESOL" тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Сейсенбі және сәрсенбі А. М.Мамадалиев екінші курс студенттері үшін "Орта бағдарланған және іскерлік коммуникация", 4 курс студенттеріне "Тіл және мәдениетаралық коммуникация" пәндері бойынша практикалық сабақтар өткізді. Сондай-ақ, "МЕДИАПЕДАГОГИКА", "Кәсіби шетел тілі", "Медиалингвистика және мәдениетаралық коммуникация" пәні шеңберінде "Intercultural sensitivity and awareness" тақырыбында дәріс өткізді. "Шет тілі: екі шет тілі" ББ 1 курс докторанттары үшін докторлық диссертацияның консультациясы өтті.
Бейсенбіде "AI Technologies in Intercultural communication" тақырыбында "Шетел тілі" ББ оқытушылары мен магистранттарына арналған оқыту семинары өтті. Семинар барысында оқытушылар мен магистранттар жасанды интеллект арқылы мәдениетаралық қарым-қатынас тәсілдерін, бір тілден екінші тілге аударуды жүзеге асыруды, сондай-ақ, мәдениеттер арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды анықтау мақсатында мәдениетаралық деректерді талдау мүмкіндігін алды.
Оқыту семинарынан басқа, бұл күні "Мәдениетаралық коммуникация теориясы мен практикасы" пәні аясында "Тhe importance of understanding cultural differences" тақырыбында 1 курс магистранттарына дәріс өтті.