ӨЗ ҚҰҚЫҒЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАЙ БІЛІҢІЗ!
13.03.2025
Марғұлан университетінде «Шамшырақ» көшбасшылар академиясы мен «Тура жол» жобасы аясында құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша кездесу өтті. Шараның мақсаты - студенттерге өз құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беру, заңнамадағы негізгі аспектілерді түсіндіру. Кездесуге облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Талғат Мұшанов, бөлім басшысы Аслана Байзақова, заң кеңесшісі Әлімбек Ағыбаев, Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің превенция басқармасының өкілі Әлия Есiмханова, экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Әлия Қожамқұлова қатысты.
Спикерлер әрбір адамның өзінің құқығын қорғай білу мәселесін заң нормалары бойынша егжей-тегжейлі түсіндірдіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Сонымен қоса, қазіргі қоғамның ең ауыр дертіне айналған лудомания, сыбайлас жемқорлық, интернет алаяқтары туралы толық ақпарат беріп, мұндай заңсыздықтардың алдын алуға және онымен қоғам болып күресуге шақырды.