Перейти к содержимому страницы.

ЕУРАЗИЯЛЫҚ БІЛІМ КӨРМЕСІ

20.12.2022

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті Қабылдау комиссиясы жауапты хатшысының орынбасары Алмас Кенжеғалин Еуразиялық ынтымақтастық ұйымының (Москва) шақыруымен IV «Еуразиялық білім беру көрмесіне» қатысты.

Бұл көрме Қырғыз Республикасының бірнеше қаласында (Бішкек, Тоқмок, Балықшы, Қаракөл) өтті. Көрмеге Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Белоруссияның 40-қа жуық жоғары оқу орындары қатысты. Аталған қалалардағы көрмелерді 10 мыңнан астам абитуриент тамашалады.

Әрбір оқу орнына көрме экспозицияларында ақпараттық материалдарды орналастыру мүмкіндігі берілді. Талапкерлерді тестілеу үшін аудиториялар, жарнамалық және медиялық құралдар, тұсаукесер өткізуге арналған платформа таныстырылды. Ең бастысы – оқытушылар шетелдік жоғары оқу орындарында кәсіптік білім беру тәжірибесімен алмасты.