Перейти к содержимому страницы.

Есірткіге жол жоқ!

14.06.2021

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Павлодар облысы ІІБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Біз өмірді таңдаймыз, есірткіге жол берме!» атты ЖОО студенттері арасында шара өтті. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында есірткіге жол бермеу, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

 «Ertis Promenade» сахнасында өткен ойын кезінде студенттер түрлі тапсырмалардан құралған 7 кезеңнен (станциялардан) өту қажет болды. Мысалы, "Құқықтық калейдоскоп" станциясында балалар құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті еске ала отырып, жасөспірімдерді есірткі құралдарының заңсыз айналымына тарту жағдайын шешу қажет болды. Келесі бір тапсырмада командалар арнайы арт объектіде есірткіге қарсы насихат тақырыбында өз көзқарастарын білдірді. Танымдық квест-ойынға ППУ (қызыл түсті команда), ИнЕУ (сары түсті команда) және Торайғыров Университетінің (жасыл түсті команда) студенттері қатысты. Павлодар педагогикалық университетінің құрамасы командалар арасында үшінші орынды иеленді.

спорт11111

"Біз студенттер мен жасөспірімдер арасында есірткінің алдын алу жұмыстары бойынша жаңа бағыттарды іздестірудеміз. Осындай тақырыптық квестерді өткізу арқылы жастардың есірткі жайлы, оған тәуелділік туралы білімдерін тексеруге, сондай-ақ нашақорлық проблемасының құқықтық, медициналық, әлеуметтік аспектілерін зерттеуге мүмкіндігі бар!"- дейді Павлодар облысы ПД УПН бөлімінің бастығы, полиция майоры Ирина Тимиргалиева.

спорт123456

спорт11111