«ЕРТІС ӨҢІРІН ҰЛЫҚТАҒАН ЕСІМДЕР» ӘДЕБИ-ӨЛКЕТАНУ ҮЙРМЕСІ
20.09.2023
Анастасия Цветаева атындағы әдеби мұражайда «Қазақ тілінде оқиын топ студенттеріне арналған орыс тілі» пәні бойынша сыныптан тыс іс-шаралар аясында «Ертіс өңірін ұлықтаған есімдер» әдеби-өлкетану үйірмесінің алғашқы отырысы өтті.
Үйірме жетекшісі педагогика ғылымдарының кандидаты, Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушы-зерттеуші Старченко Галина Николаевна. Үйірме Павлодар Ертіс өңірін зерттеуге қызығушылық танытқан Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің бірінші курс студенттерін біріктіреді.
Ольга Григорьева –А.И. Цветаева мұражайының ұйымдастырушысы, көрнекті орыс жазушысының өмірі Павлодармен байланысты мұражайдың құрылуы туралы айтып, кітаптарды, қолжазбаларды, фотосуреттерді көрсетті.
Өлкетану пәнінің құндылығы мынада: оқушылардың туған жерлері, атақты жерлестері туралы білімдерін кеңейтіп, байыта отырып, көркем шындықты, тілдің көркемдігін, ойы мен сезімін тереңірек түсінуге көмектеседі.
«Үйірменің мақсаты – студенттердің өз еліне деген сүйіспеншілігі мен олардың тарихи-әдеби мұрасына деген қызығұшылын ояту. Өлкенің тарихы мен мәдениетін білу – толыққанды тұлғаны қалыптастырудың құрамдас бөлігі», – деді Галина Старченко.
Үйірме сабақтарында студенттер қаламыз бен облысымыздың жазушыларының, өнер қайраткерлерінің, ғалымдарының өмірі мен шығармашылығымен танысып, есімдерімен байланысты есте қалатын жерлерге бару жоспарлануда. Клуб жетекшісі студенттерге мақалалар жазуды, зерттеу тақырыптары бойынша баяндамалар жасауды, кездесулер мен кештерді өткізуді жоспарлап отыр.