Ерте бейіндеу және кәсіптік бағдар беру жұмысының жаңа форматы
29.10.2021
Павлодар педагогикалық университеті биыл облыс мектептерінің оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру бойынша "Болашақ мұғалім мектебі" атты жаңа жобаны іске қосты. "Педагогикалық сыныптарда оқитын балалар мұғалімнің кәсіби қызметіне барынша жақын болатын ортаға түсе алады. Алғашқы сабақтар осы аптада өткізілді. Балалармен кездесу барысында олардың мұғалім мамандығына деген қызығушылығы жоғары екенін көрдік", - дейді колледж директоры Гүлнар Манатқызы.
Жобаға Павлодар қаласының 5 мектебі, Баянауыл ауданының Майқайың кентінің екі мектебі, Ақсу қаласының және Шарбақты ауданының мектептері кіреді. Осы аптада жоба жетекшісі, ППУ жоғары колледжінің директоры Г. М. Мусанова №2 ЖОМ оқушылары алдында сөз сөйледі, ал Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы А. Е. Каримова мектеп директоры Г. М. Белгибаевамен Меморандумға салтанатты түрде қол қойды. Әрбір педагогикалық сыныпқа ЖОО-ның жоғары мектептері бекітілетін болады, сондай-ақ, М.Әлімбаев атындағы мектеппен Педагогика жоғары мектебі жұмыс істейтін болады.