Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТ ТҮРІКМЕНСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕДЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

16.10.2023

Ашхабад қаласында (Түрікменстан) «Қуатты мемлекеттің жаңғыру дәуіріндегі денсаулық сақтау, білім және спорт» халықаралық көрмесі өтті, оған алты қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері белсенді қатысты.

Ауқымды шараға Марғұлан университетінің атынан зерттеулерді қолдау департаментінің директоры Бибінұр Байдалинова қатысты. Ол көрмеге қатысушыларға отандық білімнің артықшылықтары мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқу мүмкіндіктері, сондай-ақ бакалавриат, магистратура және докторантураға арналған білім беру бағдарламалары туралы айтып берді.

Қазақстандық жоғары оқу орындарының «Study in Kazakhstan» көрмесіне болашақта Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алғысы келетін 500-ден астам әлеуетті талапкер қатысты. Түрікмен жастары Марғұлан университетінде педагогикалық мамандықтардың білім беру бағдарламаларына үлкен қызығушылық танытты.