Перейти к содержимому страницы.

«ЕРЕКШЕ БАЛА – ЕРЕКШЕ АТА-АНАЛАР» ТАҚЫРЫБЫНДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

28.10.2022

 

 

ИнЕУ базасында «Жаңа Қазақстан: ерекше баласы бар отбасының жаңа әлеуметтік-психологиялық мәдениетін қалыптастыру» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция «Самал" оңалту орталығы бастамасымен өтті. Пленарлық отырыста Павлодар облысы әкімінің орынбасары - Айзада Амангелдіқызы Құрманова, қоғам қайраткері, «Невада – Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының президенті, жазушы, ақын - Олжас Омарұлы Сүлейменов және «Самал» оңалту орталығының төрайымы Багненко Зинаида Дмитриевна баяндама жасады.

Ерекше білім қажеттілігі бар балалардың ата-аналарымен және балалармен жұмыс – бүкіл білім беру жүйесінің маңызды және өзекті бағыттарының бірі. Бұл балаларды әлеуметтендіру мен қоғамға бейімдеудің мақсаттары мен міндеттерін шешуге көмектеседі.

Спикер ретінде педагогика Жоғары мектебінің оқытушы-сарапшысы, педагогика ғылымдарының магистрі - Ахметова Әсем Еркенқызы шақырылып, «Ерекше бала – ерекше ата-аналар» тақырыбында баяндама жасады.

Ғылыми-практикалық конференция жұмысына облыстық және қалалық білім басқармаларының өкілдері, мектеп және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының әкімшілігі мен педагогтары қатысты.