ERASMUS+ БАҒДАРЛАМАСЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР
11.04.2025
Ғылым декадасы аясында Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің ұйымдастыруымен «Erasmus+ бағдарламасына қатысу үшін өтінім беру» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті. Семинарға магистранттар, докторанттар және университет оқытушылары қатысты.
«Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының оқытушысы Мергүл Күлахметова Erasmus+ бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері, жобаларды іріктеу критерийлері және кандидаттарды күтетін қиындықтар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Семинар қатысушылары серіктес елдермен, оның ішінде Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықтың негізінен жоғары білімге бағытталғанын, әртүрлі ғылыми салаларда ынтымақтастық мүмкіндіктерін ұсынатынын білді. Жоғары білім контекстінде бірлескен магистратура бағдарламалары, Жан Моне бағдарламасы және ЖОО әлеуетін арттыру атап өтілді.
Мергүл Сабитқызының жеке тәжірибесіне ерекше назар аударылды. Ол Е.В. Кольев пен Н.А. Алпысбаймен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан «Uni-HEALTH» жобасы туралы айтып берді.
Семинар қатысушылары семинардың ақпараттылығы мен практикалық маңыздылығын жоғары бағалады.
