«Ер есімі - ел есінде»
11.05.2021
Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай Павлодар педагогикалық университетінің Жастар саясаты департаменті «Ер есімі - ел есінде» атты акциясын ұйымдастырып өткізді. Акция талабы бойынша әр студентке соғысқа қатысқан немесе тыл еңбеккері атанған ата-әжесінің фотосуреттерін Құрмет тақтасына ілуге мүмкіндік берілді.