Өнер және спорт жоғары мектебінің студенті самбодан әлем және Азия чемпионатына жолдама алды
08.04.2024
Таразда самбодан Қазақстан чемпионаты өтті, оған Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Орал, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Жезқазған, Қарағанды, Қонаев, Қызылорда, Талдықорған, Тараз, Семей, Түркістан, Өскемен сияқты қалалардан спортшылар қатысты. Павлодар Ертіс өңірі мен Марғұлан университетінің намысын 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер және спорт жоғары мектебінің студенті Бижан Сәдуақасов қорғады. Нәтижесінде ол үшінші орынға ие болды, осылайша әлем және Азия чемпионатына жолдама алды. Қазір Бижан оқумен қатар алдағы спорттық жарысқа белсенді дайындалуда.