Перейти к содержимому страницы.

ЕМТИХАН ФОРМАТЫН ӨЗГЕРТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

11.11.2024

Бүгін Абай атындағы ҚазҰПУ-нің жанындағы «Педагогикалық ғылымдар» республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің бастамасымен еліміздегі педагогикалық университеттерге талапкерлерді қабылдайтын емтихан форматын өзгерту мақсатында құрылған жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында нақты тапсырмалар берілген болатын. Атап айтсақ, мұғалімдерді даярлау ісін жандандыру, осы бағытта пәрменді шаралар қабылдап, білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсарту мәселесі көтерілген.

Осы бағыттағы жұмыс тобының құрамына Марғұлан университетінен барлығы 26 оқытушы- профессорлар кірді. Талқылау барысында бірқатар ұсыныстар жасалды. Аталған ұсыныстар Абай атындағы ҚазҰПУ-нің жанындағы «Педагогикалық ғылымдар» саласындағы республикалық оқу-әдістемелік бірлестігіне жолданатын болады.