ЕЛОРДА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
03.07.2021
Құрметті әріптестер, студенттер!
Сіздерді Астана күнімен құттықтаймын!
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың маңызды саяси-стратегиялық шешімдерінің арқасында Еуразия кіндігінде бүкіл әлемнің назарын өзіне аударған жаңа Астана бой көтерді. Қазақстанның көпұлтты халқының қажырлы еңбегінің арқасында еліміздің бас қаласы қысқа мерзім ішінде заманауи келбетке ие болып, ғажайып мекенге айналды. Бүгінде Нұр-сұлтан қаласы-әлемдік саясатқа ықпал ететін, өркендеген, экономикалық қуатты, бейбітшілік пен ынтымақтастықтың, конфессияаралық татулықтың орталығы. Біздің әдемі жас қаламыздың маңызы мен мәртебесі жыл сайын артып келеді.
Сіздерді айтулы мерекемен құттықтаймын, зор денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Біздің сүйікті астанамыз жылдан жылға гүлдене берсін!
Құрметпен,
Павлодар педагогикалық университетінің
Басқарма төрағасы – ректор
Жанбол Жилбаев