Перейти к содержимому страницы.

ЕЛ АҚСАҚАЛДАРЫ ҚАРА ШАҢЫРАҚ ТӨРІНДЕ

05.03.2025

Қазақта: «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деген даналық сөз бар. Бүгін Марғұлан университетінің Басқарма төрағасы-ректор Ержан Әмірбекұлы Ертіс-Баян өңірінің өсіп өркендеуіне елеулі үлес қосқан, бүгінде елдің ақылшысына айнлған дана қарияларымызбен келелі кездесу өткізді. Қадірлі қонақтардың қатарында Павлодар облысының Құрметті азаматы Әбілхақ Түгелбаев, Май ауданының Құрметті азаматы Ермат Байқұрманов, Аққулы ауданының Құрметті азаматы Мұратбек Смағұлов бастаған дана қариялар бар.
Бір ауылдың ғана емес, бір елдің ақылшысы мен айбары болған ел ағалары ұлт болашағы, ұрпақ тәрбиесі төңірегінде ұлағатты ойларын ортаға салды. Ұстаздар ордасының кемел келешегі, даму бағыты жөнінде өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.
Арнайы уақыт бөліп келіп, өздерінің ақыл-кеңесін беріп, мол тәжірибесімен бөліскен ағаларымызға алғыс білдіреміз.