Экспедиция құрамына енді
12.04.2021
5-8 сәуір аралығында Павлодар педагогикалық университетінің жоғары гуманитарлық мектебінің оқытушылары, тарих ғылымдарының кандидаттары, Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері Каримова Анар Еркеновна, Абдрахманов Бауыржан Нариманұлы, Аманова Асель Сериковна, Тохметова Гульнар Масеновна Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың жарлығымен құрылған саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі облыстық комиссияның жұмыс тобының құрамына еніп, экспедицияға шықты.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Тоқаев 2020 жылғы 24 қарашадағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Жарлығында халықаралық стандарттар мен құндылықтарды негізге ала отырып, саяси репрессияның жазықсыз құрбандарына, олардың халқына және ұрпағына тарихи әділеттілікті қалпына келтіру, адал және жақсы есімді қайтару басты міндет делінген.
Аталған экспедиция мүшелері облысымыздың Тереңкөл, Железин, Аққулы, Павлодар аудандары мен Екібастұз қаласына барып, тұрғындарымен әсіресе аға буын өкілдерімен жүздесіп, қуғын-сүргінге ұшыраған туыстарының және жерлестерінің есімдерін білетіндермен, мәліметтер базасын құру мақсатында, сұхбат жүргізді. Сауалнама барысында Павлодар облысының саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандары жерленген жерлердің интерактивті картасын құру мақсатында 1930 жылдардағы аштық құрбандары қабірлерінің орындары анықталды.