ЕКІНШІ ЖОҒАРЫ БІЛІМ АЛҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
05.07.2024
Бүгін Марғұлан университетінде биылғы түлектердің екінші легіне дипломдар табысталды. «GRADUATION-2024» шарасы барысында жаратылыстану жоғары мектебінде, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде, өнер және спорт жоғары мектебінде екінші жоғары білім алғандар мен дуалды білім беру бойынша оқығандарға дипломдар табысталды. Марғұлан университетінің басқарма мүшесі, стратегиялық даму және әлеуеттік жұмыс жөніндегі проректоры Серік Ильясов түлектерді құттықтап, сәт-сапар тіледі.
-Жалпы 60 жылдан астам уақыт ішінде Марғұлан университетінен 40 мыңнан астам түлек бітіріп, еліміздің жарқын болашағы жолында аянбай еңбек етуде. Ал биылғы 2024 оқу жылының соңында 1284 түлек бітіріп, қолдарына дипломдарын алды. Олардың ішінде 1149 бакалавриат болса, 130 түлек магистратураны, 5 адам докторантураны бітірді. Барша түлектерімізге сәт-сапар тілейміз,- деді Серік Құрғамысұлы.
Сонымен қатар, жаратылыстану жоғары мектебінің деканы Ермек Ғабдуллин, өнер және спорт жоғары мектебінің деканы Валентина Ильинична, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Анар Кәрімовалар өздерінің түлектерінедоипломдарын табыстады.
Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша төрт жыл бойы оқуда, қоғамдық жұмыста белсенділік танытқан 179 түлек үздік дипломмен аяқтады. Олардың ішінде Педагогика жоғары мектебіннен 40, жаратылыстану жоғары мектебін 57 түлек, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі 66 түлек, өнер және спорт жоғары 16 түлек үздік дипломмен бітірді.
Білім беру бағдарламалары бойынша, ең көп түлектер ол - “Дене шынықтыру және спорт”, “Шетел тілі: екі шет тілі”, “Қазақ тілі мен әдебиеті” білім беру бағдарламаларына, дуальды оқыту нысанында: “Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие”, “Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі” мамандықтарына тиесілі екенін ерекше атап өткен жөн.