ЕКІ УНИВЕРСИТЕТ АРАСЫНДА БАСКЕТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ
27.02.2025
Бүгін Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-де баскетбол турнирі өтті. Оған Марғұлан университеті мен Торайғыров университетіндегі Foundation тобының тыңдаушылар қатысты.
Турнирге барлығы төрт команда бақ сынап, тартысты ойын көрсете білді. Команда құрамында 3 ер және 2 қыз бала ойнады. Жарыстың ашылуына университеттің басқарма төрағасы-ректор Ержан Әмірбекұлы қатысып, барлық ойыншыларға сәтттілік тіледі.
Жарыс қорытындысы бойынша Марғұлан университетінің “Ақжүрек” командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші және үшінші орындар Торайғыров университетінің командаларына бұйырды. Сонымен қатар, Марғұлан университеті Foundation тобының тыңдаушысы Әсет Шаймардан “Ең нәтижелі ойыншы” аталымымен марапатталды.
Дайындық бөлімінің әдіскері Гүлзада Шакембаеваның айтуынша, биыл 28 бала ЖОО-на түсуге дайындалуда. Барлығы шетелде тұратын қандастардың балалары. Оларға әртүрлі спортты-мәдени шаралар жүргізіліп тұрады.