ЕКІ СПОРТШЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
29.01.2025
Жақында Павлодар қаласының “Баянтау” спорт кешенінде ересектер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан облыстық турнир өтті. Қатысушы спортшылар республикалық чемпионатқа жолдама үшін бақ сынады. Жарысқа Марғұлан университетінен екі студент қатысты. Олар - Өнер және спорт жоғары мектебінің 4 курс студенті Аслан Шекеев пен М.Қанапиянов атындағы жоғары колледждің студенті Еділ Жұманбеков. Аслан Шекеев жауынгерлік самбода 53 келі салмақта өнер көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алды. Ал Еділ Жұманбеков 53 келі салмақ дәрежесінде спорттық самбода белдесіп, өз салмағының жеңімпазы атанды. Енді олар 2025 жылдың ақпан айында болатын республикалық турнирде облыс намысын қорғайтын болады. Екі спортшы да спорт шеберіне үміткер, бұған дейін қазақ күресі, самбо, дзюдо түрлері бойынша түрлі додаларда топ жарып жүр.
Екі палуанға республикалық турнирде сәттілік және жеңіс тілейміз.