Перейти к содержимому страницы.

ЕҢБЕК НАРЫҒЫНА ЖОЛ: ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР МЕН МҮМКІНДІКТЕР

17.03.2025

Бүгін, 17 наурызда, Павлодар облысының Еңбек ұтқырлығыорталығының өкілдері Марғұлан Университетінің түлектерімен кездесу өткізді. Кездесудің басты тақырыбы жас мамандардың әрі қарай жұмысқа орналасуы және заманауи еңбек нарығының талаптарына бейімделу мәселелері болды.

Іс-шара барысында Орталықтың сарапшылары қолжетімді қолдау бағдарламалары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, сұранысқа ие мамандықтар және мансаптық өсудің перспективалары туралы айтып берді. Сондай-ақ қатысушылар түйіндеме жасау, сұхбаттан сәтті өту және кәсіби дағдыларды дамыту бойынша құнды кеңестер алды.

Түлектер белсенді түрде сұрақтар қойып, ықтимал мансаптық бағыттарды талқылап, аудандық мамандардан жеке ұсыныстар алды.

– Мұндай кездесулер жас мамандарға кәсіби ортада жақсы бейімделуге және мансапты сәтті бастау үшін перспективалы мүмкіндіктерді табуға көмектеседі, – деп атап өтті Марғұлан университетінің Мансап орталығының басшысы Майра Байтанаева.