Перейти к содержимому страницы.

Е.БЕКМАХАНОВТЫҢ ӨМІРІНЕ АРНАЛҒАН ДӘРІС

13.02.2025

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада тарихшы-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ермұхан Бекмахановтың 110 жылдығына арналған «Дана да дара тарихшы» атты тарих сабағы өтті. Оған Марғұлан университеті Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Зият Айткенов қатысып, 5512 әскери бөлімінің сарбаздары мен кітапхана оқырмандарына дәріс оқыды. Ол ғалымның өмір жолы, Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесі жайында айтты.