Перейти к содержимому страницы.

Е. БЕКМАХАНОВТЫҢ 110 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

17.04.2025

2023 жылдың 20 қазанында Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде көрнекті тарихшы, ғалым Ермұхан Бекмахановтың 110 жылдығына орай «Ермұхан Бекмаханов және оның отандық тарих ғылымының дамуына қосқан үлесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің “Тарих” білім беру бағдарламасының жетекшісі Абдрахманов Б.Н., PhD докторы Садыкова А.М. және Торайғыров университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының тарихшы ғалымдары Ельмуратова Б.Ж., Азербаев А.Д., сонымен қатар университеттің докторанттары, магистранттары мен студенттері қатысты. Дөңгелек үстелде ғалымның шығармашылығы мен еңбектері талқыланып, Қазақстан тарихына қосқан баға жетпес үлесі атап көрсетілді.

Шара барысында баяндамашылар Е. Бекмахановтың ғылыми мұрасына терең үңіліп, оның отандық тарих ғылымында алатын орнын, зерттеу әдістерін және тарихи тұлғаларды зерттеудегі жаңашылдығын сөз етті. Ғалымның туған жері Баянауыл ауылындағы мектеп музейінде сақталған құнды экспонаттар да назардан тыс қалмады. Музейдегі жәдігерлер арқылы Е. Бекмахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы тың деректер ұсынылды.