Перейти к содержимому страницы.

«Е-Өтініш» жүйесін қолдану бойынша түсіндірме жұмыстары өткізілді

24.06.2021

Мемлекет басшысы Үкіметке Бас Прокуратурамен, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін мемлекеттік органдарда «Электрондық өтініштер» бірыңғай ақпараттық жүйесін өрістетуді тапсырды. «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесін іске қосу елімізде кезең-кезеңмен жүзеге асырылып келеді.

Осыған байланысты, 2021 жылғы 24 маусым күні ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша басқарманың аға прокуроры Қуандық Қайыртасұлы Жумалинмен, бас маман А.Ш. Шақаймен және Павлодар облысы әкімі аппаратының инспекторы А. Шахаевамен  Павлодар педагогикалық университетінде «Е-Өтініш» жүйесінде жұмыс жасау және оны қолдану бойынша түсіндірме жұмыстары өткізілді.

Бұл жүйені оқу орнымызда енгізу біршама жұмыстарды онлайн түрде атқаруға мүмкіндік береді.  

eotnish

eotnish2

eotnish3

eotnish4