Дәрігер мен ППУ ғалымы арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесі
30.07.2021
Дәрігерлердің еңбегі медициналық жабдықтардың мүмкіндіктеріне байланысты. Медицина мен техниканың араласуы дәрігер мен инженер арасында тығыз ынтымақтастықты қажет етеді.
Ғылыми кеңесші, техника ғылымдарының докторы, профессор Нұргүл Темірғалиқызы Смайлова және реабилитолог – дәрігер Александр Владимирович Мякотаның медицинаға арналған жабдықтар мен құралдарды құрастыру саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижелерінің қорытындысы бойынша «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК ҚР 2 патенті берілді.
Нұргүл Темірғалиқызын ғылыми қызметіне жоғары баға беруімен құттықтаймыз!