DREZDEN ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ХОЛГЕР КУССЕНІҢ АШЫҚ ДӘРІСІ
03.02.2023
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде Германияның Дрезден техникалық университетінің профессоры Холгер Куссенің ашық дәрісі өтті.
Іс-шара Дрезден технологиялық университетінің (Германия) ғалымдарымен бірлесіп ұйымдастырылған «ДАНАЛЫҚ ТІЛДЕРІ» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында өтті.
Профессор өз лекциясында даналық ұғымындағы даналық тілдерінің типологиясын құрайтын әртүрлі формадағы белгілі бір «анонимді дискурс» ретінде көрсетті. Ғалым Киелі кітаптан, еуропалық және қытайлық дәстүрлерден, өткен және қазіргі замандардан, сондай-ақ көркем әдебиеттен, соның ішінде Лев Толстой, Карл Мэй және Сент-Экзюпери шығармаларынан мысалдар келтірді. Әдебиеттерден көптеген мысалдар келтіре отырып, мәтіндерді тілдік және мәдени талдауға сүйене отырып, даналықтың адамзатты құтқаратынын атап өтті.
«Адамзат тарихында данышпандардың ізгілік пен білімнің жұмсақ күші бәрінен мықты. Ол зорлық-зомбылықтан, өзімшілдіктен, идеологиялық ессіздіктен, биліктен, кісі өлтіруден, тіпті жауыздықтың барлық түрлерінен де күшті болып шығады. Өкінішке қарай қазірдің өзінде адамдар ерте заманда ойлап тапқан және жасаған жойқын күнәлардың зардабын әлі тартып келеді», - дейді Холгер Куссе.
Холгер Куссе – Германия ғылым және әдебиет академиясының мүшесі, тіл маманы, Дрезден техникалық университеті жанындағы Славянтану институтының директоры, беделді «Zeitschrift fur Slavistik» халықаралық журналының редакторы.
Профессор Куссенің ғылыми қызығушылық аясы мәдени лингвистика, аргументация теориясы, тіл философиясы мәселелерін қамтиды. Ғалым мәдени тіл білімінің негізін салушы, аргументация теориясының, прагмалингвистиканың, семантиканың, философия мен тілдер тарихының белгілі маманы.