Перейти к содержимому страницы.

ДОСТЫҚ ТУРНИРІ

26.02.2026

Бүгін  Марғұлан университеті мен Торайғыров университетінің Foundation бөлімдерінің студенттері арасында волейболдан турнир өтті. Әр жоғары оқу орнынан екі команда қатысты.

MU-дің Басқарма мүшесі және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Бауыржан Есенгельдин құттықтау сөз сөйледі. Ол спорттық шаралар студенттердің бірлігін нығайтып, командалық рухты қалыптастыратынын және университеттер арасындағы достық байланыстарды күшейтетінін атап өтті.

Аталмыш сайыс жанкүйерлердің белсенді қолдауымен тартысты әрі әсерлі өтті. Онымен қоса, спорттық акробатикадан Әлем кубогының жүлдегерлері Ильяс Мухтасаров пен Захар Базилевич, студенттер қатарынан Лаурина Йеншке мен Филипп Валов шығармашылық өнерлерімен тамсандырды. Сонымен қатар «Жебе» триосы «Алға» әнін орындап, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Турнир қорытындысы бойынша:

 1-орын MU-дің «Бірлік» командасы

2-орын TОU-дың  Eagle командасы

3-орын TОU-дың  «Самғау» командасы

Жеңімпаздар грамота және сыйлықтармен марапатталды. Осындай турнир студенттік бірлік пен шынайы командалық рухтың дамытуға ықпал етеді.