«DOS STAR»: ҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТ ҰСЫНЫЛАДЫ?
13.02.2023
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенттері әртүрлі сұрақ бойынша жиі жүгінетін бір орын бар. Ол «DOS STAR» студенттерге қызмет көрсету орталығы. Бұл – әрбір студент өзін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алатын орталық. Мұнда оқу жылының басынан соңына дейін, әр күн сайын, таңнан кешке дейін тапжылмай отырып, барлық академиялық сұрақтар бойынша студенттерге кеңес беретін білікті мамандар бар.
«DOS STAR» студенттерге қызмет көрсету орталығының жетекшісі Алмагүл Мыңғышеваның сөзінше, аталған орталық студенттерге 40-қа жуық қызмет түрін көрсетеді. Мәселен студенттер бұл мекемеге оқуға қайта қабылдану, шығу, ауыстыру, академиялық демалысқа шығу, межелік бақылау тапсыру, емтиханды қайта тапсыру, сессияны ұзарту, оқу ақысын кейінге қалдыру, артық төленген ақшаны қайтару, студенттер үйіне орналасу және әртүрлі әлеуметтік көмектер мен басқа да маңызды мәселелер бойынша жүгіне алады.
«DOS STAR» студенттерге қызмет көрсету орталығы студенттік қоғамдастықпен жан-жақты байланыс орнатқан және студенттердің уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Себебі, мұнда көптеген қызмет түрлері үшін өтініштерді онлайн режимде қабылдайды. Студенттер орталығында бірнеше терезе қызмет көрсетеді. Қызмет көрсету электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Қажетті қызметті алу үшін электрондық кезек талонын алып, күту залын барады содан кейін экранда жарияланған реттік саны бойынша қызмет көрсету терезесіне өтеді.