ДОКТОРАНТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
03.08.2022
ДОКТОРАНТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
1) білімі туралы құжат (түпнұсқа) + 1 көшірме;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) ҰТО берген мемлекеттік тіл емтиханын (ҚАЗТЕСТ) тапсырғаны туралы ресми анықтама;
4) шет тілін білуді растайтын сертификат:
Ағылшын тілі: IELTS Academic (International English Language Testing System Academic) шекті балл – кемінде 5,5;
TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet-based test), шекті балл – кемінде 46;
TOEFL PBT (Test of English as a Foreign Language Paper-based test), шекті балл – кемінде 453;
TOEFL ITP (Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Program), шекті балл – кемінде 460;
Неміс тілі: Deutsche Sprachpruefung fuer den Hochschulzugang (DSH, Niveau B2/деңгейі B2), TestDaF-Prufung (Niveau B2/B2 деңгейі);
Француз тілі: TFI (Test de Français International™) - оқу және тыңдау бөлімдерінде B2 деңгейінен төмен емес), DELF (Diplome d'Etudes en Langue française) - деңгей B2, DALF (Diplome Approfondi de Langue française) - B2 деңгейі, TCF (Test de connaissance du français) – кемінде 50 балл;
5) 075 нысанды медициналық анықтама (наркологиялық және психикалық диспансерлерден анықтама, флюорография, вакцинация картасы);
6) 3х4 сантиметр (jpg) сандық фотосурет;
7) жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметі куәландырған кадрлық есеп бойынша жеке парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге де құжат;
8) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі, зерттеу жоспары және эссе;
9) жіптері бар папка және конверт.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы No 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес докторантураға түсетін және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес сертификат (TOEFL ITP (Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Program)) докторантураға түсу емтиханының алдында ағылшын тілін қосымша меңгеру емтиханын тапсырады.
Осыған байланысты TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ҰТО ақпараттық жүйесі арқылы екі өтініш береді:
1. докторантураға түсу емтиханы үшін;
2. ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу үшін (өтінімдер 12 шілдеден бастап қабылданады).
Биылғы жылғы қатысу жарнасы:
- докторантураға түсу емтиханында – 15 804;
- ағылшын тілін білуге қосымша тестілеуге – 10 622 теңге.