Перейти к содержимому страницы.

ДОКТОРАНТТАРДЫҢ ЕСЕП ҚОРҒАУЫ

15.05.2025

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде 1-3 курс докторанттарының дәстүрлі есеп қорғауы өтті. Докторанттар жеке оқу жоспарының орындалуы бойынша есептерін қорғады. 

Осы 2025 жылы алдын ала қорғауға шығатын докторанттың болуы, жеке жоспарлары бойынша ғылыми мақалаларының болуы - ғылыми жетекші мен докторанттың сапалы жұмысының нәтижесі. 

Есепке жоғары мектептің деканы, Зерттеулерді қолдау жөніндегі департаментінің бастығы А.К. Оспанова, филол.ғ.д., профессор З. Темиргазина, ғылыми жұмыс жөніндегі вице-декан, БББ жетекшілері мен ғылыми жетекшілер қатысып, зерттеу бағыты мен диссертация тақырыбына сәйкес сұрақтар қойды және ақыл-кеңестерін берді.

Сондай-ақ ескертулер мен сын-пікірлер де айтылды. Жалпы, барлық қатысқан докторанттардың есебі қанағаттанарлық деп бағаланды.