ДИПЛОМ ИЕЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАУ!
11.12.2019
2019 жылдың 28 қарашасында Бішкек қаласында Қырғызстанның ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ Академиялық Консорциумында философия ғылымдарының (PhD) докторларын бітіру рәсімі өтті. Павлодар педагогикалық университетінің педагогика Жоғарғы мектебінің аға оқытушысы, психология магистрі Нұрымов Бауыржан Абылайұлы диссертациялық кеңестің шешімімен әлеуметтік философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесіне ие болды. Ғылыми дәреже Қырғыз Республикасының Жоғары аттестациялық комиссиясында ресми тіркелді. Бауыржан Нұрымовты PhD дәрежесінің дипломын алуымен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге сәттілік пен ғылыми жетістіктер тілейміз!