Перейти к содержимому страницы.

ДИНА ӘЛІБЕКОВА "II ВИЦЕ МИСС СЕМЕЙ" АТАНДЫ

12.09.2023

Жақында Абай облысы Семей қаласында ұлттық “Miss Semey” сән байқауы өткен еді. Оған Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің 1 курс студенті Дина Әлібекова қатысып, "II Вице Мисс Семей" атанды. Байқауға 10 үміткер қатысып, бақ сынады.
Дина 11 жасынан бастап сән әлемі байқауларына қатысып, өзін сынап келеді. Сол сәттен бастап оған әртүрлі компаниялардан сән көрсетілімдерге қатысуға ұсыныстар жасалды. Уақыт өте келе Дина әртүрлі сән үлгілері көрмелеріне қатысып, танымал дизайнерлердің амбассадоры атанды. 

-Байқауға қатыса отырып, мен өзімді жаңа қырымнан таныта бастадым. Сондай-ақ бұл менің рухани құндылығымды қалыптастырды. Осы жолы өткізілген байқаудың арқасында мен өзімді жаңа бағытта көрсетіп, лидерлік қабілеттерімді дамыттым. Осындай мүмкіндік сыйлаған байқау ұйымдастырушыларына алғыс білдіремін, - деді ол.

 Алдағы уақытта Дина " Miss Kazakhstan " байқауына қатысуды жоспарлап отыр.