Перейти к содержимому страницы.

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҢЫЗДЫ

08.12.2022

Павлодар облыстық Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы мен Павлодар қалалық ішкі саясат бөлімінің өкілі Жұлдыз Қабиденова Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетіне келіп, студенттермен кездесті.  Мамандар студенттерге  «Жастарды деструктивті діни ағымдарға тартудың алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды. Кездесу барысында  жастарға теріс діни ағымдардың зияндығы жайлы түсіндірілді. Зайырлы қоғамда өскен ұрпақ теріс діни сенімдердің торына байланбай, әр нәрсеге сыншыл санамен қарайтын, жан-жақты білім алуға ұмтылған және де өзге дін өкілдеріне құрметпен қарайтын азамат болып өсуі тиіс екендігі туралы айтылды.