Перейти к содержимому страницы.

ДЕРЕККӨЗДЕР МЕН КОНТЕКСТТІ ТАЛДАУ

15.04.2025

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің ғылым декадасы аясында «Сібір комитетінің қызметі: дереккөздер мен контекстті талдау» гранттық қаржыландыру жобасының мүшелері, жоба жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Гульфира Елубаевна Өтепованың басшылығымен «Сібір комитетінің материалдары XIX ғасырдағы Қазақстан тарихы дереккөзі ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Семинарға университеттің магистранттары, докторанттары және оқытушылары қатысты. Дөңгелек үстелдің модераторы болып Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы, жобаның ғылыми қызметкері Анара Еркенқызы Каримова қызмет атқарды.

Семинар барысында баяндамашылар З.Б. Мырзатаева, А.А. Қасқабасова, Г.Б. Жакибаева, Д.Ж. Құсаинов Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының архивтерінде жұмыс тәжірибелері туралы, сондай-ақ жас ғалымдардың архивтерде жұмыс істеген кезде кездесетін қиындықтары туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Семинар қатысушылары семинардың ақпараттылығын және оның практикалық маңыздылығын жоғары бағалады.