Перейти к содержимому страницы.

ДЕПУТАТТАР ЖАТАҚХАНАНЫ ТЕКСЕРДІ

08.02.2024

Павлодар қалалық мәслихат депутаттары Марғұлан университетінің жатақханасына мониторинг жүргізді. Мақсаты - өрт қауіпсіздігінің алдын алу, санитарлық норма ережелерінің қаншалықты сақталғанынткөру. Депутаттар студенттермен кездесіп, олардың тұрмыс жағдайымен танысты. Қонақтарды стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Серік Идьясов және басқа да жауапты мамандар қарсы алып, студенттер үйінің тыныс-тіршілігімен таныстырды.

- Студенттердің жатақханасы өте жайлы, әр бөлмеде жеке-жеке ас үй бар. Сонымен қатар, жеке жуынатын, кір жуатын орындар да қарастырылған. Студенттердің бос уақыты да дұрыс қамтылған. Олар оқудан тыс уақытта спортпен, шығармашылықпен айналыса алады, - деді қалалық мәслихат депутаты Мадина Мұзапарова.