Перейти к содержимому страницы.

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАҒА ШЫҚТЫ

22.02.2021

Болашақ мұғалімдерді дайындау, кәсіби білімі мен дағдыларын қалыптастыру процесінде педагогикалық практиканың маңызы зор.

ППУ-дың өнер және спорт жоғары мектебінің дене тәрбиесі және спорт  мамандығының 4 курс студенттері Баянтау спорт сарайына өндірістік практикаға шықты.

Кәсіби іс-тәжірибиенің негізгі мақсаты – теориялық және әдістемелік білімді бекіту, практикалық дағдыларды қалыптастыру, студенттердің болашақ кәсіби дайындығын тексеру.

Студенттерге кәсіби практиканы тиімді меңгеруге, өнер және спорт жоғары мектебінің оқытушылары – Қазақстанның танымал спорт шеберлері: педагогика ғылымдарының кандидаттары Кольев В.Т., Лебедева В.И., Бронский Е.В., Семёнова М.В., Усина Ж.А. аға оқытушылар Горелов А.П., Белус А.А., Кусмиденов М.Е., Антихович Ж.С., Солтанбеков С.Е., Пантова Н.А. қолдау көрсетеді. Тәжірибелі жаттықтырушылар студенттердің өндірістік практикадан барынша тәлім алып, практиканы меңгеруіне жауап береді. Сол себепті де дене тәрбиесі мұғалімдерінің балаларды спортқа жетелеуге, салауатты өмір салтына баулуда маңызы зор.

sportzal

sportzal2

sportzal3

sportzal4

sportzal5

 

sportzal6