ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАР БАСТАЛДЫ
10.07.2023
Бүгін Павлодар педагогикалық университетінің Өнер және спорт жоғары мектебінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына түсетін талапкерлер шығармашылық емтихан тапсыра бастады.
Өнер және спорт жоғары мектебінің деканы Валентина Лебедеваның айтуынша, жалпы дене шынықтыру пәнінен алғашқы шығармашылық емтиханға негізгі спорт түрлері кіреді. Бүгін мектеп түлектері гимнастика мен жүзуден емтихан тапсырды.
«Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын топтарға оқуға 152 мектеп бітіруші құжат тапсырды. Олардың 40-тан астамы қыздар, қалғаны ұлдар. Барлық талапкерлерге қабылдау емтихандарын сәтті тапсырып, біздің студент атануларына тілектеспіз!», - деді. Валентина Ильинична.
Айта кету керек, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына оқуға түсетіндердің арасында түрлі спорттық жарыстардың жеңімпаздары, спорт шеберлері, спорт шеберлігіне кандидаттар, облысымыз бен еліміздің ұлттық құрама командасына енген спортшылар аз емес.