Перейти к содержимому страницы.

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ АӘД ОНКҮНДІГІ

25.04.2022

М.Қанапиянов атындағы  жоғары   колледжінде «Дене шынықтыру және АӘД» онкүндігі басталды. Онкүндіктің ашылу салтанатына ППУ тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Болат Құдайбергенұлы және колледж директоры Жұмабай Аманқұлов қатысып, студенттерді салауатты өмір салтын сақтауға және спортпен жиі айналысуға шақырды.

Сондай-ақ, шара барысында облыстық колледж спартакиядаларында жеңімпаз болып, жүлдегер атанған студенттер марапатталды. 

Онкүндіктің әр күнінде әртүрлі спорттық іс-шаралар мен жарыстар өткізіледі. Мысалы әр күн сайын таңғы жаттығу болады. Одан кейін «Көңілді старт» эстафетасы, АӘД және әскери дайындық технологиясы (ату, ОЗК, Автоматты құрастыру және бөлшектеу) сайыстары, «Асык-ату» және «Бес Асык» сынды ұлттық ойындар, үстел теннисі турнирі, арқан тарту, гир көтеру сайыстары және «Табысқа апарар жол!» атты көшбасшылық сағаты өтеді.  Онкүндіктің жабылуы мамыр айының 5-ші жұлдызында болады.