Перейти к содержимому страницы.

ДЕКАНДАРҒА АРНАЛҒАН КӨШБАСШЫЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ

01.10.2024

2024 жылдың 25-29 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен "Academic Leadership Institute: Deans' School" курсы басталды.
Бұл іс-шара университет декандарының біліктілігін арттыруға және олардың академиялық саладағы көшбасшылық құзыреттерін нығайтуға бағытталған. Назарбаев Университеті оқу бағдарламаларын әзірлеудегі тәжірибесімен, сондай-ақ магистратура мен докторантура бағдарламаларын жобалаудың артықшылықтарымен бөлісті. Курс академиялық менеджмент пен инновацияны, озық тәсілдер мен технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектті пайдалану және тұрақты өзгеретін ортада этикалық тәжірибенің жоғары стандарттарын сақтау мәселелерін талқылады.
Бағдарламаға Қазақстанның әртүрлі университеттерінен 170 оқытушы қатысты, олардың 68-і Назарбаев Университетінің гранттарын жеңіп алды.
Марғұлан университетінен курсқа академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры А.А.Жакиенова, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары А.К.Сүлейменова және «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасының доценті, Н.Қ.Ахтаева қатысты.
Курс 10 модульден тұрады және Түркістан қаласындағы А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жалғасын табады.