БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ДЕБАТ
14.03.2022
«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы магистранттарымен профессор М.А.Кененбаеваның ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасында жаңартылған мазмұнда білім берудегі көкейкесті мәселелер» тақырыбында дебат өтті.
Дебатта жаңартылған білім берудің қажеттілігі туралы Коптева Ю.А. презентациясы таныстырылумен басталды.
Бастауыш мектепке арналған жаңартылған мазмұндағы білім бағдарламасы, осы бағдарламаға сәйкес оқулықтар мазмұны, оқушылардың білім жетістігін бағалау, жиынтық бағалау оның ішінде тоқсандық бағалауды тапсырмалар құрастыра отырып бағалау критерийлерін нақты қою және дескриптордың дұрыс, түсінікті, нақты қоюдың оқушы білім сапасына әсері туралы оң жақтарына магистрант Штрауб О.И. тоқталды. Кейбір жетіспейтін жақтарын Капанова А.С. өте жақсы нақты мысалдар келтіре отырып талдау жасады. Магистрант өзімен математика оқулықтарын, жұмыс дәптерлерін және жұмыс дәптеріне балама «Көкжиек» баспасы жұмыс дәптерлеріне талдаулар жасады. Магистранттар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын бірге шешуге тырысты.
Соңында сарапшы Сонгыбаева Д.К жалпы талдау жасап, қорытындылады