РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЕКІНШІ ОРЫН ИЕГЕРІ
02.06.2022
Жақында Көкшетау қаласындағы Шоқан Уалиханов мемлекеттік университетінде «SHOQAN CUP І» республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге Қарағанды, Семей, Екібастұз, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Нұр-Сұлтан, Қостанай қалаларынан қатысушылар барды. Осы турнирде облыс намысын қорғау үшін «Ақиқат» клубының 2 фракциясы Көкшетау жеріне жол жүрді.
Нәтижесінде «Кеттік бәрін таста» фракциясы (Аллажар Нұржамал мен Әбдіқани Мерей) 2 орын иеленіп, төсбелгімен мараптталды.
Ал Муканова Аяулым «Үздік спикер» жеңімпазы атанып кубок ұтып алды. БПФ форматында «Желбіретіп Көкшетауды» фракциясы (Есенқұл Ақәділ мен Муканова Аяулым) финалда өнер көрсетуінің өзі үлкен олжа болды. Бұл өнер мен білімге талпынған жастар үшін үлкен жетістік деп білеміз.