ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ САЛТАНАТ ҚИСАТОВА УНИВЕРСИТЕТ ҚОРЖЫНЫНА ТАҒЫ БІР МЕДАЛЬ САЛДЫ
17.06.2024
Жақында Астана қаласында Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің 80 жылдық мерейтойына орай сол оқу орынның профессоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Ағайша Исағұлова атындағы l-ші Халыкаралык сырнайшы-әншілер байқауы өтті. Ауқымды өнер додасына Марғұлан университеті «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының оқытушысы, мәдениет саласының үздігі, дәстүрлі әнші, термеші Салтанат Қисатова қатысып, 2 орынды жеңіп алды.
Байқау екі кезеңмен өтті. 1 кезенде 40 сырнайшы-әншілер өнер көрсетен болса, екінші кезеңге соның 25-і өтіп, ақтық сында бақ сынады. Біздің университеттің намысын арқылып барған Салтанат Тасболатқызы үш ән орындап, қазылар алқасы тарапынан жоғары баға алды. Атап айтсақ, Майраның әні «Толқыма», Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне жазылған «Үш бақытым» және Қайыпназар Әйтпеновтің термесі "Жүргендерің саламат» секілді өнер туындыларын нақышына келтіре шырқады.
Әншіні халықаралық деңгейдегі өнер додасындағы жетістігімен құттықтай отырып, әлі де биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!