ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ САЛТАНАТ ҚИСАОВАНЫҢ ӘН КЕШІ ӨТТІ
31.05.2024
Марғұлан университеті музыкалық білім беру бағдарламасының оқытушысы, «Майра» мектебінің жетекшісі, халықаралық және республикалық лауреаты, дәстүрлі әнші Салтанат Қисатованың «Әсем әнім сырнайда» атты алғашқы ән кеші өтті. Дәстүрлі әншінің өнер кешіне елімізге белгілі өнер иелері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Досымжан Таңатаров, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ербол Айтбаев, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Күнсұлу Түрікпен, республикалық байқаулардың лауреаты Назира Бейсеновалар қатысып, өз ән қоржындарынан тамаша туындылар орындады. Сонымен қатар, Салтанат Қисатованың шәкірттері Шәкірттер Жайдар Шунан, Дәуренбек Слямғали, Жанболат Байсолтан, Айдын Серікұлы, Тәттімбет Жасқайратұлы сынды жас өнерпаздар әншу ұйымдастырып, кештің сәнін кіргізді.
Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Саяуыш Садвакасов құттықтап, кеш иесіне естелік сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, әнші осы күні Мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін төсбелгісімен, Халықаралық Түріксой ұйымының 30 жылдығына орай "Түріксой" медалімен, "Бейбітшілік Әлемі" одағының "Мәдениет майталманы" медалімен марапатталды.