ДАНАЛЫҚ ПЕН МЕЙІРІМ МЕРЕКЕСІ
29.09.2025
Халықаралық қарттар күні қарсаңында Марғұлан университеті аға буын өкілдеріне арнап ерекше мереке ұйымдастырды.
Салтанатты шара университет ректоры Ержан Әмірбекұлының құттықтау сөзімен басталды. Ол ардагерлерге сіңірген еңбектері, жас педагогтарды тәрбиелеуге қосқан зор үлестері үшін алғыс білдірді.
Жылы да шынайы тілектер, шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетулері мерекелік кешті айрықша мәнді етті. Сондай-ақ педагогикалық еңбек ардагерлері де өздерінің естеліктерімен бөлісіп, жастарға ақ баталарын берді.
Бүгінде университетте 200-ден астам педагогикалық еңбек ардагері бар. Олардың шамамен 50-ге жуығы әлі күнге дейін ұжымда қызмет атқарып келеді. Құрмет пен қамқорлықтың белгісі ретінде университет ардагерлерге материалдық көмек көрсетті.
Марғұлан университеті өз ардагерлеріне ұзақ жылғы еңбектері, қамқорлығы мен тәлімгерлігі үшін терең ризашылығын білдіреді.










