Перейти к содержимому страницы.

БИОЦЕНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ АКРЕДИТТЕУДЕН СӘТТІ ӨТТІ!

03.03.2022

Павлодар педагогикалық университетінің Биоценология және экологиялық зерттеулер ғылыми орталығының Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыретіне қойылатын жалпы талаптарына» 5 жылдық мерзіміне сәйкестігіне акредиттеуден сәтті өтті.

Зертхананың қызмет саласы: өсімдіктер мен жануарлардың түр-спецификалық ДНҚ-сын анықтау, рентген-флуоресценттік спектрометрия, үлгілерді пиролитикалық ыдырату арқылы атомдық абсорбция әдісі.

Орталық басшысы Бибігүл Жұмабекованың айтуынша, Биоценология және экологиялық зерттеулер ғылыми орталығында атомдық абсорбция әдісі, спектрлік талдау, ПТР арқылы өсімдіктер мен жануарлардың ДНҚ-сын бөліп алу бойынша зерттеулер көп жылдар бойы жүргізіліп келеді. Аяқталған кандидаттық және докторлық диссертациялар, студенттіердің дипломдық жұмыстары, мектеп жобалары, нәтижелері ғылыми журналдарда және конференция материалдарында жарияланған.

ПТР зертханасының анализаторлармен заманауи жабдықталуы Солтүстік Дакота университетінің (АҚШ), Ресей ғылым академиясының Экология және эволюция институтының (Ресей), Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Зоология институтының (Өзбекстан) шетелдік әріптестерімен бірлескен зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан зертхананы аккредиттеу қажеттілігі көптен бері көтеріліп келеді.
«Аккредиттеу сертификаты ғылыми орталығымыздың Сынақ зертханасы үшін халыққа қызмет көрсетуден бастап республикалық және халықаралық қаржыландырудың шаруашылық келісімшарттары мен гранттық жобаларын жүзеге асыруға дейін кең перспективалар ашады», - деді Бибігүл Қабылбекқызы.

Орталық қызметкерлері зертхананы ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыретіне қойылатын жалпы талаптарына» талаптарына сәйкестендіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді, қызметкерлер сапа менеджменті жүйесінде тиісті оқытудан өтті, құзырлы органдармен, оның қызметкерлерімен, құрал-жабдықтарымен, үй-жайларымен, нормативтік құжаттамаларымен зертхананың бірқатар сараптамалары мен аудиттері жүргізілді.

Аккредиттеу процесінде Сынақ зертханасы өз қызметі халықаралық стандарттың қатаң талаптарына сәйкес табысты жүргізілетінін дәлелдеді.

Аккредиттеу сертификаты – тесттердің жоғары сапасы мен тұрақтылығының кепілі!

АТТЕСТАТ АККРЕДИТАЦИИ