Перейти к содержимому страницы.

CТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

24.09.2022

Павлодар педагогикалық университетінің студенттері арасында денсаулық күніне арналған спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Жарыс қала шетінде табиғат аясында өтті.Оған ППУ гуманитарлық ғылымдар, педагогика ғылымдар, жаратылыстану, өнер және спорт жоғары мектептерінің студенттері қатысты.

Жарыстың мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен шұғылдануға дағдыландыру, студенттердің береке-бірлігін арттыру. Атап айтқанда, жүгіру, арқан тарту, кедергілерден өту, туристік ән, флешмоб би жарысы, ең үздік дастарқан секілді сайыстарда өздерінің мықтылықтарын паш етті. Әр жоғары мектеп төрт түске бөлініп, өнер көрсетті.

Спорттық сайыс қызықты әрі көңілді өтті. Студенттер жоғары дайындықпен келіпті, барлық тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап шықты.

Денсаулық күніне орай студенттер арасында өткен спорттық жарыста арқан тарту мен кедергілерден өту бойынша жаратылыстану жоғары мектебінің командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды өнер және спорт жоғары мектебі еншілесе, педагогика жоғары мектебі үшінші орынды қанағат тұтты. Сол секілді сәтті өнер көрсетіп, белсенділік танытқан командалар басқа да түрлі аталымдармен марапатталды.

Сайыс барысында қызыл жарты ай қоғамдық қорының өкілдері алғашқы медициналық көмек бойынша қауіпсіздік ережелерін көрсетті.