Біздің жүзушілер облыс чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды!
30.11.2021
Павлодар педагогикалық университетінің Өнер және спорт жоғары мектебінің ФКС-22 тобының студенттері Омаржанова Лаура мен Мочалкин Станислав 25 метр және 50 метр қашықтықта мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында жүзуден Облыстың ашық чемпионатының жеңімпаздары атанды.
"Шымыр" бассейнінде өткен Облыстың ашық чемпионатына Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларының командалары қатысты, олардың құрамында 10-нан 70 жасқа дейінгі 60 жүзуші өнер көрсетті.
Жарыстың мақсаты - тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру және есту қабілеті бұзылған адамдар арасында Павлодар облысында паралимпиадалық жүзуді дәріптеу.
Мықты спортшылар арасындағы үлкен бәсекелестікке қарамастан, Лаура мен Станислав тамаша өнер көрсетіп, табандылық пен жеңіске деген ерік танытты. Біздің Чемпиондарымызды құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа жарқын жеңістер тілейміз!