Біздің студенттер Павлодар қаласының жүзу чемпионатының жеңімпаздары!
29.12.2021
Павлодар педагогикалық университетінің Өнер және спорт жоғары мектебі ФКС тобының студенттері Лаура Омаржанова мен Станислав Мочалкин Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жүзуден мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Павлодар қалалық біріншілігінде жеңімпаз атанды.
Жарыстың ұйымдастырушылары Павлодар қаласының спорт басқармасы, сондай-ақ Павлодар облысындағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді емдеуге және оңалтуға жауапты мекемелер болды.
Жарыстың мақсаты - ерекше қажеттіліктері бар адамдар арасында жүзуді танымал ету. Жарысқа есту, көру, интеллект, тірек-қимыл аппаратында ақаулары бар 7 мен 20 жас аралығындағы 45 жүзуші қатысты.
Студенттеріміз Лаура мен Станислав 25 және 50 метр қашықтықта үздік нәтиже көрсетіп, облыстық және республикалық деңгейге шықты.
Ерік-жігер мен табандылықтың арқасында Лаура Омаржанова мен Станислав Мочалкиннің қанжығасында көптеген жеңістер мен марапаттар бар. Олар Олимпиада ойындарына қатысып, чемпион болуды, кейін болашақ чемпиондардың жаттықтырушысы болуды армандайды.
Спортшыларды жүзу бойынша бейімделген дене шынықтыру жаттықтырушылары Артем Александрович Морозов пен Гүлмира Зейнуллақызы Айгужинова дайындады.
Жарыс жеңімпаздары медальдармен, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Чемпионатқа @freedom.team.pvl жүгіру клубы демеушілік жасады.