«БІЗ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ»
05.02.2020
Облысымыздың жастар саясаты орталығы және ПМПУ-дің қазақ тіл мен әдебиеті ББ бірлесіп, қаңтар айында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты эссе жазу шарасын ұйымдастырды. Іс-шараға бітіруші 4-ші курс студенттері қатысып, қабілеттерін танытты. Байқау барысында Қиналбек Айтолқынның жұмысы өзіндік жазу нақышымен ерекшеленді. Нәтижесінде студенттер құнды сыйлықтармен және І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Айта кетейік, бұл бастаманы дәріптеуге қазақ тілі мен әдебиеті ББ оқытушылар құрамы бірнеше жыл қатарынан қолдау көрсетіп келеді.
Ерланова Аяулым
Қазақ тілі мен әдебиеті ББ оқытушысы