Перейти к содержимому страницы.

Біз мектептермен ынтымақтастықты күшейтудеміз!

20.01.2022

Павлодар педагогикалық университетінің өкілдері №11, №19 және №25 мектептерде болып, университет пен мектептердің өзара әрекеттесу мәселелері бойынша кездесулер өтті.

Павлодар педагогикалық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Андрющенко О.К., Кәсіптік бағдар беру орталығының жетекшісі Мусанова Г.М., Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы Ғабдуллин Е.С. және Тәжірибе бөлімінің меңгерушісі Байтанаева М.А. мектеп ұжымдарымен кездесті.

Жаңа жылдағы алғашқы жиынның тақырыбы мектептегі оқушылардың педагогикалық тәжірибесіне арналды. Дөңгелек үстелге қатысушылар өндірістік практика студенттердің кәсіби дайындығын қалыптастырудың маңызды шарты болып табылатынын, өйткені ол теориялық дайындықтың практикалық қызметпен байланысын қамтамасыз ететінін атап өтті.

Кәсіптік бағдар беру орталығының жетекшісі Гүлнар Мұсанованың айтуынша, оқу орнының басым бағыттарының бірі – мектептермен ынтымақтастықты кеңейту. Бүгінгі таңда облыстың бірнеше мектебінде педагогикалық сыныптар ашылып, көптеген мектептермен кәсіптік бағдар беру бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілуде.

Павлодар қаласындағы үш мектептің: №11, №19 және №25 мектептерінің мұғалімдері университеттің болашақ мұғалімдерді тағылымдамадан өту барысында даярлау сапасын арттыру мақсатында бірлесіп жұмыс жасау бастамасын қолдады.
«Мектеп пен университет бірін-бірі тыңдап, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін ынтымақтастық нысандарын әзірлеуі керек», - дейді Гүлнар Манатқызы.

Жиын барысында университет студенттерінің өндірістік тәжірибеден өту кезінде кәсіби даярлық сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар белгіленді. Педагогикалық тәжірибеде студенттердің әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстары маңызды орын алады.

Тағылымдама қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың ақпан айында №11, №19 және №25 мектеп мұғалімдерінің қатысуымен қорытынды конференция өткізіледі.